Халықаралық бағдарламалар бойынша оқу-жаттығу алаңын ашу туралы келісімге қол қойылды

Аққағаз Досжанова атындағы конференц-холлда университет базасында Америкалық кардиология ассоциациясының және медициналық жедел жәрдем техниктері Ұлттық қауымдастығының бағдарламалары бойынша оқу-жаттығу алаңының ашылуына байланысты айтулы шара өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде университет ректоры Ә.Қалиев «KAZANADA» ЖШС және Орталық Азиядағы Халықаралық Оқу орталығының директоры Кевин Фрикке іскерлік ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді.

Кевин Фриктың жетекшілігімен Орталық Азиядағы Халықаралық Оқу орталығы (Астана қ.), АНА (BLS, ACLS, PALS, NRP) бағдарламалары бойынша NAEMT және халықаралық диспетчерлік Академиясының төтенше жағдайларда халықаралық сертификаттар беретін оқуға жауапты болып табылады.

Салтанатты шарада басқарма төрағасы-университет ректоры Ә.Қалиев пен Орталық Азиядағы Халықаралық Оқу орталығының директоры Кевин Фрик ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Led-экранда инстукторларды оқытудың бейнеролигі көрсетілді. Бұдан соң жедел көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтары өтті. Нұсқаушы мен студенттер ACLS (кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы) стандарттары бойынша шұғыл көмек көрсету кезеңдерін көрсетті. ACLS «көк код» — науқастардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген кезде іс-шараларды тиімді ұйымдастыру үшін стационарда қолданылатын кодтардың бірі.

Pals (педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы), PHTLS (жарақат алған кезде қолдау көрсететін ауруханаға дейінгі жүйесі) жағдайлары ұсынылды. Оқу бағдарламаларын енгізу және курстарды ұйымдастырумен оқу-жаттығу алаңын бірлесіп құру, медициналық техникасын пысықтау, әлемдік тәжірибеге негізделген төтенше жағдайлар кезінде ден қоюға үйрету адам өмірін құтқару бойынша төтенше жағдайлар туындаған кезде лайықты кәсіби үлес қосады. Әлемдік деңгейде алған білім шұғыл көмек көрсету сапасын жақсартуға және негізгі мақсат — адамды өмірге қайтару, адам өлімін төмендетуге әсер етеді. Университетіміздің базасында Оқу алаңының ашылуы білім алушылардың кәсіптік даярлығына, білім беру қызметіне және практикалық денсаулық сақтауға лайықты үлес қосады.

Жиналған қауым университеттің «Серпер» ұлттық аспаптар ансамблінің өнерін тамашалады.

Халықаралық деңгейдегі оқу бағдарламалары бойынша оқу (жаттығу) алаңының салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.