Оқытушыларға арналған онлайн шеберлік сабақтары
Оқу процесінің сапасын тест-бағалау құралымен қамтамасыз ету мақсатында профессорлық-оқытушылар құрамына арналған академиялық жұмыстар жөніндегі департаментінің жетекшісі Нұргүл Әлекенова «Тест тапсырмаларын әртүрлі формада дайындау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының теориялық және клиникалық кафедраларынан барлығы 66 оқытушы қатысты.
Шеберлік сабағы екі бөлімнен тұрды. Онда тест тапсырмаларын дайындауды жақсарту бойынша ережелер, талаптар мен ұсыныстар берілді. Екінші бөлімі тест тапсырмаларын дұрыс құрастыру бойынша практикалық жұмыстарды орындаумен аяқталды.
Шеберлік сабақ соңында онлайн кері байланыста жұмыс орнында шеберлік сабағын өткізу туралы ұсыныстар айтылып, тыңдаушыларға Сертификаттар табысталды.