«Auezov university-2024» халықаралық қысқы мектебі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалпы педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен “Инновациялық білім беру ортасында практикалық психологтар мен педагог-психологтарды кәсіби даярлауды жетілдіру жолдары” тақырыбында «Auezov university-2024” халықаралық қысқы мектебі өтті
(https://www.instagram.com/edu_psy_auezov?igsh=OWR3c2d6cWcwd3Bu&utm_source=qr). Мектеп ZOOM платформасында жұмыс тілі ретінде қазақ, орыс және түрік тілдерін пайдалана отырып, онлайн форматында өтті. Өткізілген сабақтардың форматы: дәрістер, воркшоптар, вебинарлар, тренингтер 3 кредит көлемінде (90 сағат) тегін.
Қысқы мектеп мақсаты — инновациялық білім беру ортасы жағдайында практикалық психологтар мен педагог-психологтардың кәсіби даярлығын жетілдіруде мәселелерді талқылауға және практикалық шешімдер қабылдауға әлемнің 6 елінен ғалымдарды тарту. Тыңдаушылар ретінде бакалавриат, магистратура, PhD докторанттар, психологтар, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Германия қалаларынан жоғары оқу орындарының оқытушылары сөз сөйледі. Тыңдаушылар ретінде психология кафедрасының оқытушылары мен стоматология және медицина ББ 1 және 3-курс студенттері белсенді қатысты (А.Алитурлиева, Р.Байлауов, И.Деркач, Н.Оралбекова және т. б.).
Қысқы мектептің спикерлері жетекші ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, психологтар, оқытушылар, жас ғалымдар, әлеуметтік-гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар саласындағы мамандар болды. 45-тен астам баяндама тыңдалды. Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының президенті Асқарбек Құсайынов секілді жетекші отандық ғалымдар мен педагогтардың қатарында Қазақ психологиялық қоғамының президенті Мұхан Перленбетов және т.б. спикерлер ретінде психология кафедрасының жетекшісі Алуа Миралеева және психология кафедрасының доценті Малика Книсарина сөз сөйледі.
Қысқы мектеп соңында психологтардың кәсіби дайындығын жетілдірудің ұсынылған тұжырымдамаларын интеграциялау және ғылыми-зерттеу процесіне тәжірибені енгізу бойынша қарар тұжырымдалды. Барлық қатысушыларға Алғыс хаттар мен Сертификаттар табысталды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жалпы педагогика және психология кафедрасының жетекшісі Ақкенже Үсенова университетімізден аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.