Құрметті резидентура және магистратура түлектері!
Жарты ғасырдан астам тарихы бар «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру саласында 25 мыңнан астам жас мамандарды дайындады.
Түлектеріміз Қазақстандағы білім және ғылыми ұйымдарды басқарып, алыс жақын шетелдерде табысты еңбек етуде. Университет сапалы білім мен кәсіби құзыреттілікке ие болған түлектерімен мақтанады.
Қазіргі уақытта университет кафедраларын кадрлармен қамтамасыз ету және профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежесін арттыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы резидентура мен магистратураның түлектері үшін «Университет үміті» бағдарламасы іске қосылды, оның мақсаты университеттің кадрлық әлеуетін жаңарту және кезең-кезеңімен жас мамандарды тарту болып табылады. 2023-2024 оқу жылына университетіміздің 11 түлегі бағдарлама аясында жұмысқа қабылданды.
Адами ресурстарды басқару департаменті «Университет үміті» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
«Университет үміті» бағдарламасы үміткерлеріне қойылатын негізгі талаптар:
-жоғары медициналық білім, маман сертификаты, ғылыми жарияланымдардың болуы, ағылшын тілін Pre-Intermediate деңгейінен төмен емес;
– 35 жасқа дейінгі;
– интернатура мен резидентураны аяқтағандағы орташа балл (GPA) – 3,33 баллдан төмен емес;
– кафедра жетекшісінің ұсыныс хаты.
Университет жас мамандардың маңызды рөлін мойындай отырып, өзіне келесі міндеттемелерді алады:
-мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмыспен қамтамасыз ету;
-жас мамандардың кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;
-даму жоспарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білімді тереңдету мақсатында семинарларға, тағылымдамаларға, біліктілікті арттыру курстарына жіберу;
-ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік беру;
-1 000 000 теңге (бір миллион теңге) көлемінде біржолғы ақшалай жәрдемақы төлеуге (аталған сома конкурс кезінде өсуі мүмкін);
-университеттің жатақханасынан бөлме беру;
-кафедра ассистенті/оқытушысы лауазымы жалақысының 50% мөлшерінде біржылдық үстемеақы тағайындау.
Құрметті университет түлектері! Сіздерді «Университет үміті» бағдарламасы бойынша «оқытушы/ассистент» лауазымына конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат алу үшін персоналды дамыту бөліміне хабарласыңыз: Бас ғимарат, 105 кабинет.