«Үздік студент – 2024» халықаралық жоба-байқауының номинанты

2024 жылдың 2 ақпанында Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің студенттеріне арналған «ТМД-ның үздік студенті» атты жоба-байқауы өтті, ол Студенттер қауымдастығы (Қазақстан, Астана) заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Қауымдастық түріндегі «Ұлттық Бөбек қозғалысымен» ұйымдастырылған «Үздік студент» халықаралық жобасының аясында бастау алды.

Бұл жобаның мақсаты студенттер мен жас ғалымдардың әрі қарай ілгерілеуі мен өсуіне серпін беру, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық қоғамдастықты ТМД елдері мен Еуропадағы ғылымның дамуы туралы ақпараттандыру болып табылады.

«Үздік студент – 2024» номинациясы бойынша университетіміздің «Жалпы медицина» факультетінің 321А тобының студенті Иниятова Қымбат, ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгімен (медальмен) және II дәрежелі дипломмен марапатталды. Иниятова Қымбаттың жобаға қатысушы ретінде өтініші Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері студенттерінің «ТМД-ның үздік студенті» кітап жинағының VII санында жарияланды.

Сонымен қатар ол патологиялық физиология кафедрасындағы «Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріндегі жасөспірімдерге прессингтің вегетативті жүйке жүйеге ықпалы және денсаулыққа әсері» тақырыбындағы студенттік ғылыми жобаның бас ғылыми қызметкері болып табылады. Жобаның ғылыми жетекшісі патологиялық физиология кафедрасының меңгерушісі А.Н. Жексенова.