Қос ұстазбен кездесу

22.02.2024ж М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ ғылыми кеңес залында медицина ғылымдарының докторы, профессор Иманбаев Сагидулла Елемесұлы және ҚР Ұлттық ғылым академиясының Академигі, Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (2001ж.), Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина Академигі, Қазақстан Республикасының клиникалық және іргелі медицина Академигі, «Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің Кәсіби Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, клиникалық фармакологтар және терапевттердің Европалық Қауымдастығының мүшесі Кузденбаева Раиса Салмаганбетқызымен 3-ші курс “жалпы медицина” факультетінің студенттерімен кездесу өтті.

 

М.Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ Ректоры Калиев Асет Аскерович, фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының жетекшісі, доцент Смагулова Газиза Ажмагиевна құттықтау сөз сөйледі. «ҚР ҰҒА Академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, м.ғ.д. Р.С. Кузденбаеваның ғылыми-педагогикалық жолы» тақырыбындағы баяндаманы фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы, 3-ші оқу жылының докторанты Балапашева Әйгерім Алдиярқызы ұсынды.

Студенттер баяндамаға тәнті болды, белсенді болды, шақырылған қонақтардың кәсіби жолы, ғалымдар мамандығын қалай және неге таңдағаны туралы сұрақтар қойды.

23.02.2024 жылы шақырылған спикерлермен университеттің жас оқытушыларына, интерн дәрігерлері мен докторанттарына арналған Шеберлік класс өтті:

1) «Биотехнологиялық дәрілік заттар (биосимилярлар)» – м.ғ.д., профессор С.Е. Иманбаев

2) «Егде және кәрі жастағы пациенттерге потенциалды ұсынылмайтын дәрілік препараттар» – ҚР ҰҒА Академигі, м.ғ.д., профессор Р.С. Күзденбаева.

Шеберлік сыныбы жоғары кәсіби деңгейде өткізіліп, жас дәрігерлердің қызығушылығын тудырды, кейбір интерндер сұрақтар қойды.

Батыс Қазақстанның стационарларының клиникалық фармакологтары (Aktobe Medical Center, ересектер және балалар стационары, БҚМУ МО, Облыстық перинаталдық орталық, Medicus орталығы), фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының ПОҚ, «Фармация» факультетінің ПОҚ қонақтарға танымдық шеберлік класс үшін алғыстарын білдірді және кәсіби жетістіктер, денсаулық және ұзақ өмір тіледі!