“Штамм-Кадер бойынша Гастростомия”

2024 жылы 19-23 ақпан аралығында визитинг-профессор бағдарламасы аясында оперативтік хирургиямен қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасына, Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің (РФ, Орынбор қ.) С.С. Михайлов атындағы клиникалық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Иван Николаевич Фатеев шақырылды.

22 ақпан 2024 жылы кафедраның операциялық блогында балалар хирургиясы кафедрасының резиденттерінің және Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің “Aktobe Studentc Surqical Assosiation” бірлестігінің студенттерінің қатысуымен жануарға (қоянға) “Штамм-Кадер бойынша Гастростомия” операциясы жүргізілді. Операция эксперимент түзінде жануарға (қоянға) жасалды. Резиденттер және ассоциация студенттері операцияалдылық дайындықта және операция кезінде атсалысты.

Бұл вертикальды интеграция теориялық және практикалық кафедралар арасындағы байланысты нығайтуға практикалық маңызы бар. Бұл операция өте маңызды резиденттерге балаларға жасалатын лапаротомия ерекшеліктерін еске түсіруге мүмкіндік береді.