Эстафеталық сайыс

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көркем қыздар» атты эстафеталық сайыс өтті. Оған 1 және 2-курс қыздары мен олардың аналары қатысты.

«Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Ерлан Шалғынбаев жарысқа қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыс «Көңілді старттар» форматында командалық эстафета түрінде өтіп, оған 6 команда қатысты. Әр командадан 1 ана және 1 студент қыз бақ сынасты.

Жарыстың бас төрешісі, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Роза Қанапина қатысушыларды эстафеталық жарыстары және оны өткізу ережелерімен таныстырды. 9 эстафета өтті (оның ішінде 8 спорттық және 1 «Спорт білгірлері» сайысы). Таэквондо және шаңғымен шұғылдану спорт секцияларының студенттері белсенділік танытты. Тамаша музыкалық қойылымдар көрсетілді.

Эстафета қорытындысында №2 команда Эльфира Жапашева мен Гүлсезім Есқайырова (жалпы медицина факультетінің 2-курс студенттері) чемпион атанып, 2-орынды №4 құрама Баршын Есенаманова мен Дильназ Болатова (жалпы медицина факультетінің 2-курс студенттері), 3-орынды №3 команда Махаббат Тілеубаева мен Айтолқын Алижанова (жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттері) иеленді.

Жеңімпаздар ақшалай сертификаттар, медальдар және дипломдар, 4, 5, 6-орынды иеленгендер ынталандыру сыйлықтары және дипломдармен марапатталды.