Ізгілік мерекесі

Көрісу — ынтымақ пен татулыққа, береке мен ізеттілікке жетелейді. Бауырмалдылыққа тәрбиелеу пен мейірімге баулу үрдісі.

Тілдер кафедрасы мен студенттер айтулы күнді ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтап, ерекше өткізді. Салт-дәстүрлерді жаңғыртып, ұлттық киім киінген кафедра оқытушылары дәстүрімізді әдемі қалпында жеткізді. Көрісу күнінің құндылығы түсіндірілді.

Шараға факультет деканы Т.Әбілов, М.Жайлыбаев және университет қызметкерлері қатысты. Театрландырылған көріністе әже рөлін Л.Абдуллина, қонақжай келін рөлінде Ж.Қожабекова, көрші апа рөлін Л.Молдашева және Б.Жақсылық данагөй ақсақал рөлін ерекше сомдады. Күй тартылып, әсем ән шырқалды. Ұлттық тағамдар жайылған дастарқан басында қонақтарға қымыз бен көже ұсынылды.

Мерекелік шара соңында кешті ұйымдастырушылар А.Мустояпова, Ж.Қожабекова, Б.Нұрсеитова, А.Аралбай және кафедра оқытушылары алғыстарын білдіріп, қонақтарға сый-кәделерін ұсынды.