Студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Актөбе қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері университеттің шет ел студенттерімен кездесті. Оған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары М.Әкентай, ювеналдық полиция басқармасының бастығы Б.Жалекешова, көші-қон полициясының бастығы А.Қанбақбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Ермағамбетов, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Н.Әбенова және шетелдік студенттердің Үндістаннан келген өкілдері М.Мир мен пәкістандық М.Рафик қатысты.

Жиын барысында тәртіп сақшылары тарапынан студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері көтеріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті ақпараттарды түсіндірді.

Полиция қызметкерлері студенттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқық бұзушылықтармен таныстырды. Құқық бұзушылық туралы бейнероликтер көрсетіліп, студенттерге жанжалдың шығу себебін және оларға қолданылатын шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде шетелдік студенттердің өкілдері білім алушылардың негізгі мақсаты — берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, сапалы білім алып, дәрігер мамандығын меңгеру екенін тілге тиек етті.

Кездесуді қорытындылаған оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Н.Әбенова студенттерге өз құқықтары мен міндеттерін біліп, университеттің Жарғысы және ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.