Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — кедейлік пен оны жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікпен күресуге, планетаны қорғауға және бүкіл халық үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық қабылданған мақсаттар. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыт таңдалды. Оларды іске асыру елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге әкелуі мүмкін.

Эпидемиология кафедрасының «Эпидемиолог» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері, жастар денсаулық орталығының еріктілері және облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдерімен, дәрігер-эпидемиолог А.Тұрғынбаевамен бірлесіп, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ 1-курс студенттеріне «Тұрақты даму мақсаттары» іске асыру жоспарының бағдарламасы бойынша шара өткізді.

«Қазақстандағы АИТВ/ЖИТС профилактикасы және эпидемиологиялық ахуал» атты шара ТДМ-нің «Жақсы денсаулық және салауаттылық» 3-бағытын іске асыру жоспары шеңберінде өтті. Кафедра оқытушылары мен дәрігер-эпидемиолог тақырып аясында презентация көрсетті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Шара қызықты өтті.