Тәжірибесімен бөлісіп, идеяларын ұсынды

Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында университеттің ресми серіктестігі «Әзірбайжанның жас дәрігерлері» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен «Медицинаның өзекті мәселелері» және «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты» V спутниктік форумы XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Оған жалпы медицина мамандығы 311 А тобының 3-курс студенті Асқар Сағындық қатысты. Оның ғылыми тезисі аға оқытушы Айнаш Дүйсенованың жетекшілігімен аталған конференцияға іріктеуден өтіп, тақырыптың өзектілігімен ерекшеленді.

Асқар Сағындық «Ақтөбе қаласы бойынша БСМП медицина қызметкерлері арасында кәсіби күйіп қалуды зерттеу және онымен негізгі жұмыстар» тақырыбында баяндама жасады. Зерттеудің мақсаты — денсаулық сақтау қызметкерлеріне сыртқы және жеке факторлардың әсерін зерттеу және талдау. Бұл кәсіби күйіп қалуға әкеледі және мәселені шешудің жолдарын ұсынады.

Студент тезис жазу тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми зерттеуді іске асыру идеяларын ұсынды. Қатысушылар арасында пікірталас өтіп, зерттеудің өзектілігі туралы түсінік берілді.