Студент қатарына қабылданды

Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда университеттің халықаралық медицина факультетінің 1-2-курс студенттерін Студент қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтті.

Клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Надияр Мусин еліміздің Батыс өңіріндегі жоғары білімді дәрігер мамандарын дайындайтын жалғыз, жетпіс жылға жуық тағылымды тарихы бар оқу орнының табалдырығын аттаған студенттерді университет ректоры Әсет Қалиевтің атынан құттықтап, олардың оқуда озат болып, қалаған дәрігер мамандықтарының иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ, оқу орнында жыл сайын білімді, өнерлі студенттер қатарының толығып келе жатқанын тілге тиек етті. Айта кетсек, университетке ағымдағы оқу жылында 314 шет ел студенті қабылданды.

Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған салтанатты шараның өн бойы университет көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен өрілді.