Қала тазалығы — баршаға ортақ

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында университет пен оған қарасты клиникалардың қызметкерлері аумақтарды санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлық сенбілікке белсенді қатысты. Университеттің бұрыннан келе жатқан дәстүрі — көктемгі-күзгі сенбіліктерге белсенді қатысып, экологиялық таза аймақ құру.

Сенбі күні қызметкерлер алғашқы көктемгі сенбілікке шығып, өздеріне бекітілген аумақты күл-қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбіліктер қоршаған ортаны қорғап, оған жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады, өмір сүру үшін қолайлы ортаны құруға мүмкіндік береді. Аймақтың экологиялық және эстетикалық тартымдылығын арттырады.

Университет пен университет клиникалары аумақтарының тазалығына қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз! Әрбір қызметкер мен білім алушыларды оқу орнымыздың аумағын одан әрі абаттандыруға үлес қосуға шақырамыз!