Пәндік олимпиада

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-інде «Ғылым апталығы» өтуіне орай 2024 жылдың 8 сәуірінде 1 оқу ғимаратының 4 дәріс залында қалыпты физиология кафедасында 3 тілде «Физиология-медицинаның фунтаментальді негізі» атты университет ішілік факультет аралық пәндік олимпиада өткізілді. Факультеттер бойынша 5 топ құрылды. Олимпиада барысында студенттер білім деңгейлерін, ойлау қабілеттіліктері мен шешімдерді тез қабылдау мүмкіндіктерін көрсету және болашақ мамандықтарында біліктіліктерін арттыруға дайындықтарын көрсетті. Ғылыми жұмыстары жөніндегі проректор Журабекова Г.А., академиялық жұмыстар департаменттінің жетекшісі Алекенова Н.У., медицина факультетінің деканы Абилов Т.С., фармакология кафедрасының доценті Нургалиева Ж.Ж., микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы магистр Сарбулатова А.Ш. шақырылды. Әділқазылар құрамы кафедра жетекшілері Жексенова А.Н., Балмагамбетова А.Д., жастар жұмыстар бөлімінің маманы Жәнібекқызы Айнур, Калдыбаева А.Т. олимпиада барысын бағалап, шешім қабылдады. Олимпиада: команданы таныстыру, блиц-турнир, ассоциациялық-формативтік тур, ситуациялық есеп шешу, капитандар сайысы – 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде команда мүшелері өз белсенділіктерін көрсетіп, олимпиада барысы өте қызық өтті. Ойын кезеңдері кезінде көрермендер арасында викториналар өткізіліп, белсенді студенттерге сыйлықтар берілді. Әділқазылар ойын соңында өз пікірлерімен бөлісіп, викторинаға қатысқан студенттерге, команда мүшелеріне және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, болашақта оданда жоғары жетістіктерге жетуіне тілек білдірді. Олимпиада нәтижесі 1 орын – «Ped family» тобы, 2 орын – «Потенциал» тобы, 3 орын – «Nerve nerds» тобы ие болды және дипломдар табысталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді. Ұйымдастырушы студенттерге сертификат және сыйлықтар берілді.