Практикалық қабілеттерін көрсетті

Хирургиялық және балалар стоматологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Dentist» СҒҮ-мен бірлесіп, «Ospanov science week» ғылым апталығы аясында стоматология факультетінің 4-курс студенттері арасында хирургиялық стоматология бойынша V университетішілік дәстүрлі олимпиадасы өтті. 4 кезеңде өткен білім байқауына 3 команда қатысты.

Олимпиада барысында командалар теориялық білімдерін, эрудициялық және топта жұмыс істеу қабілеттерін, сондай-ақ өздерінің шығармашылық таланттарын көрсете білді. Қонақтар сайыскерлердің практикалық дағдыларын бейне трансляция арқылы тамашалап, қызығушылық танытты.

Білім байқауына облыстық балалар стоматологиялық емханасының бас дәрігері Нартай Жиенғазы, терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті Ақын Жақан, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының ассистенті Есбол Есенғалиев қазылық етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша I орынды 406-топ «ДентОрис», II орынды 407 -топ «Поттер», III орынды 408-топ «Денталботтар» иеленді. Сондай-ақ, «Dentist» CҒҮ-нің белсенді мүшелері Виталий Ким және Дмитрий Курган олимпиаданың өтуіне қолдау көрсетіп, үйірме жұмысына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.