Жас ғалымдардың дәстүрлі конференциясы
Ғылым күніне арналған ғылым апталығы аясында Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлда «Ғылым: Кеше. Бүгін. Ертең» атты LХIII халықаралық конференциясы өтті. Дәстүрлі шараға Қазақстан, Орынбор, Уфа медициналық университеттерінің өкілдері мен оқу орнымыздың профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Студент жас ғалымдардың жалпы саны 400-ден асады.
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бас сарапшысы Динара Сатмбекова, университет ректоры Әсет Қалиев, университет профессоры Болат Дженалаев конференция қатысушыларын құттықтап, сөз сөйледі.
Конференц холлда кафедра қызметкерлерінің ғылыми еңбектерінен жасақталған көрме көптің қызығушылығын тудырды. Көрмеде монографиялар, кітаптар және т.б. ғылыми еңбектер, соның ішінде университетімізде қажырлы еңбек еткен қызметкерлер, ҚР ҰҒА-ның көрнекті академигі, хирургия кафедрасының меңгерушісі, хирургиялық қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан Н.Ізімбергенов, сондай-ақ, қазір еңбек етіп жатқан профессор М.Істілеуов және т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері ұсынылды.
Түрлі бағыттар бойынша тақырыптық баяндамалар 22 секцияда өтті. Атап айтсақ, морфология, физиология, физиология және патофизиология, патоморфология, эксперименттік медицина, инфекологияның өзекті мәселелері, экология және гигиена.
Ғылыми жұмыспен айналысу бұл — ғылымға үлес қосып қана қоймай, сондай-ақ өз болашағына, өзінің кәсіби қызметін таңдауға зор мүмкіндік. Нақты айтқанда, жас кадрларға үлкен жауапкершілік пен медицина ғылымында одан әрі ілгерілеуіне үміт артады.
Конференция қатысушылары өздерінің ғылыми еңбектерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа білім алып, бір-бірімен тәжірибе алмасуына, өздерін жаңа қырынан тануға зор мүмкіндік алды.
Дәстүрлі конференция биыл да ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өтті.