Жастар және ғылым

Ғылым апталығы аясында Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларын іске асыруға арналған даму жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған республикалық олимпиада өтті. Оған 28 команда қатысты.

Зияткерлік сайыс 3 бөлімнен тұрды. Бірінші кезеңде барлық командалар Ақтөбе қаласы мен облысының тарихы және Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны, еңбектері бойынша тест тапсырмаларын орындады. Екінші кезеңде саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану пәндері бойынша тапсырмалар беріліп, екі кезеңнен жоғары ұпай жинаған топтар ақтық сайыста білімдерін сынады.

Финалда Медеу Сәрсеков «Сатбаев» еңбегі және Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының тарихи орындары және киелі жерлерінің тарихы туралы тапсырмалар берілді. Зияткерлік олимпиадаға «QAZGUU School.Aqt» мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Б.Шәмші, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалы мұғалімдерді психологиялық-педагогикалық кәсіби дамуын жетілдіру кафедрасынан Б.Бұхарбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі М.Мұзбаевалар қазылық етті.

Қорытындысында І орынды педиатрия факультетінің 1-курс студенттері О.Пернепесова, А.Әділ иеленсе, екінші орынды стоматология факультетінің 1-курс студенттері А.Бөрібай, Н.Садыев, үшінші орынды медицина мамандығының студенттері Ә.Реджеп, А.Байділла, стоматология факультетінің 1-курс студенттері А.Мұса, М.Закаряев және Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері Ж.Базарбаев, Т.Қарағұл өзара бөлісті. Сондай-ақ, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «Алаш» тобы үздіктер қатарынан көрінді. Олимпиадаға қатысқан колледж және мектеп командаларының арасынан Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің оқышылары А.Бекбосынова, А.Байғара үздік деп танылды.

Жеңімпаздарға қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі Ж.Төлепбергени университет ректоры атынан Алғыс хат және ақшалай сыйлықтар табыстады. Шара ұйымдастырушысы Б.Молдин университет базасында алдағы оқу жылында республикалық зияткерлік олимпиадасының өтетінін айтты.