Медициналық құқық негіздеріне арналған семинар

Қарағанды ​​қаласында Х.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасының базасында медицина және фармацевтика қызметкерлеріне арналған медициналық құқық негіздері бойынша оқыту семинары өтті. Оған осы медициналық ұйымның басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Қатысушыларға университеттің Медициналық құқық мәселелерін зерттеу институтының жетекшісі Т.Жұмағазин дәріс оқыды. 3 сағаттық сабақ презентациялар, кейстер, заңнамалық актілерге сілтемелер, сұрақ-жауаптар, проблемалық құқықтық жағдайларды қарастыру арқылы келесі тақырыптар бойынша өтті.

Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтық қорғану әдістері мен құралдары, соның ішінде сыртқы қол сұғушылықтан (ұрып-соғу, қорлау, жала жабу, жанжал жағдайлары) және жұмыс берушіден (жарғылық емес қатынастар) қорғану. Дәрігерлік қателік жағдайында қорғану. Ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау. Жауапкершілікті сақтандыру. Аса қажеттілік. Негізді тәуекел. Қылмыстық процесте қорғану; басқа құқық бұзушылықтардан қорғану. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түрлері. Медициналық қате. Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік құқықтық жауапкершіліктері. Медициналық көмек көрсетуге байланысты қылмыстар (ҚР ҚК 317-323-баптары). Медициналық құпия.