Университеттің екі оқытушысы сократ орденімен марапатталды

Университет оқытушыларын Сократ орденімен марапаттауға арналған салтанатты шара өтті. Орденді Халықаралық Сократ академиясының президенті С.Сулима тапсырды.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Сократ Халықаралық академиясы өткізген байқаудың қорытындысында кәсіби қызметінде ең жоғары сандық және сапалық көрсеткіштерді көрсеткен оқытушылар М.Байтақова мен Ж.Төлепбергени Сократ орденіне үміткер болды.

Жанар Төлепбергени — тарих ғылымдарының кандидаты, қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының жетекшісі. Тілдер кафедрасының аға оқытушысы Мәншүк Байтақова оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу, студенттердің терең білім алуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбие қызметіндегі еңбегі үшін олардың шығармашылық әлеуетін дамытып жетілдіруде, «Рухани жаңғыру» бағдарламаласын іске асыруға сондай-ақ студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жетекшілік жасаудағы табысты нәтижелері үшін өңірлік, республикалық, халықаралық байқаулар, олимпиадаларда және ғылыми конференциялардағы жоғары жетістіктері, білім беру мен ғылым саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін жоғары марапатқа ие болды.

Осындай байқауларды өткiзіп, оқытушылардың қатысуы университеттiң профессорлық-оқытушылық құрамының кәсiптiк-педагогикалық мәдениетiн, оқу-әдiстемелiк және тәрбие жұмысының деңгейiн көтеріп, одан әрi кәсiби дамуына ынталандыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау ПОҚ ғылыми әлеуетiнiң белсендiлiгiн арттырады.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!