Музей қоры құнды экспонаттармен толықты

«Артыңда із қалдыр» акциясы аясында музей қоры ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор Төленді Кәрімовтің өзі пайдаланған құнды экспонаттарымен толықты.

Атап айтсақ, марапаттары, медаль, төс белгілері, газет бетінде жарияланған мақалалары және қара домбырасы қордан орын алды. Бұл жәдігерлерді Төленді Кәрімовтің қызы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті психология және арнайы педагогика кафедрасының доценті, м.ғ.к., Айгүл Кәрімова арнайы келіп тапсырды.

Аталмыш акцияға ғылыми жұмыстар жөніндегі департамент жетекшісі Ақмарал Баспақова да атсалысып, профессордың жұмыс барысында пайдаланған әдістемелік кітапшалары мен көк түскен ірімшік муляжымен толықтырды.