Көктем және еңбек мерекесі

№2 ішкі аурулар кафедрасы 640, 641, 642, 643 топ интерндері Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Көктем мен еңбек» іс-шарасын өткізді.

Бірлік мерекесі елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. «Бірлік» сөзі терең мағынаға ие: егер елде бірлік болса, ол берік және мызғымас болады. Ал біздің еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бірлігіміз мемлекетіміздің негізі болып табылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. 641-топтың интерні Кәрімжан Сәду «Қазақ осы» әнін орындады. Интерндер еліміздің аумағында тұратын қазақтар, орыстар, өзбектер, түріктер секілді этностардың тарихы мен дәстүрлері туралы баяндады. Сонымен қатар халықтардың мәдениеті туралы ғана емес олардың ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері мен фольклоры туралы ой бөлісті.

Шара соңында интерндер бірігіп «Бір үйдің баласындай» әнін хормен орындап, №2 ішкі аурулар кафедрасының доценты Күлсін Тоқбаева «Үздік би және үздік костюм» 642-топ, «Үздік орындаушылар» 641-топ, «Үздік қойылым» 640-топ, «Үздік үстел» 640-топ номинациялары бойынша Мақтау қағаздарын табыс етті.