Халықаралық форумда жүлдегер атанды

Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтында (ТМСИ, Өзбекстан) «Central Asia Dental Forum &Olympiad» халықаралық форумы өтті. Оған стоматология факультетінің студенттері қатысып, бақ сынасты. Олимпиадаға 14 жоғары оқу орнынан 80-нен астам студент қатысты.

Студенттер олимпиаданың теориялық және практикалық бөлігінде өздерін жақсы жағынан көрсете білді.

Қорытындысында терапиялық стоматология Берік Довлетов, Самат Ізмұханов III орынды, ортодонтия Нұрдәулет Темірғали III орынды, ортопедиялық стоматология Руслан Хамзин III орынды, хирургиялық стоматология Шадияр Шайдуллаев III орынды және терапиялық стоматология бойынша ғылыми баяндама жасаған Сабина Капанова «Ең креативті спикер» номинациясын иеленді. Делегация басшысы Диана Тағанова болды.

ТМСИ ректоры Нодиржон Хайдаров атынан университет ректоры Әсет Қалиевке Алғыс хат және естелік сыйлық табысталды.