Білім бәйгесінің жеңімпаздары

С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ халықаралық медицина мектебінің тіл пәндері кафедрасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен халықаралық пәндік олимпиада өткізді. Білім додасына Иордания, Үндістан, Монғолия, Түркия, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстаннан және еліміздің Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды қалаларынан 130-дан астам студент қатысты.

Олимпиада төрт секция бойынша өтті. 1-секция шетелдік студенттерге арналған қазақ тілі. 2-секция шетелдік студенттерге арналған орыс тілі. 3-секция орыс тілі (туған тіл емес). 4-секция ағылшын тілі. Олимпиада онлайн және офлайн форматында яғни тестілеу және лексикалық-грамматикалық тапсырмаларды орындау кезеңдері бойынша өтті.

Кафедраның басты мақсаты — қазақ тілін — мемлекеттік, орыс тілін — халықаралық, ал ағылшын тілін — әлемдік тілдердің бірі ретінде үйренуге қызығушылықты арттыру. Сондықтан, тілдерді дамыту бойынша олимпиада өткізу кафедра дәстүріне айналды. Аталған олимпиадаға университет студенттері де қатысып, қорытындысында келесі жүлделі орындарға ие болды.

№1 секция Қазақстанда оқитын шет ел студенттеріне арналған қазақ тілі бойынша III орынды Шахид Шах, жетекшісі, аға оқытушы Шұға Отарғалиева. №3 секция орыс тілі екінші тіл ретінде І орынды Сұлтан Ізтілеуов, жетекшісі, аға оқытушы Мәншүк Байтақова. II орынды Арайлым Сапарбаева, жетекшісі, аға оқытушы Гүлнара Алдашева. ІІІ орынды Әміржан Байжанов, жетекшісі, оқытушы Лариса Татанова. ІІІ орынды Жансерік Серіктесов, жетекшісі, аға оқытушы Қаламқас Жұбаназарова. №4 секция ағылшын тілі бойынша І орынды Дидар Бірманов, жетекшісі Айгүл Аралбай, оқытушы.