ТДМ аясындағы профилактика

«Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасы аясында халықтың салауатты өмір салтын қолдау мақсатында хирургиялық және балалар стоматология кафедрасы мен студенттік ғылыми үйірмесі «Dentist» тіс ауруларын алдын алудан іс-шара өткізді. Аталған іс-шара ТМД-ның 3 бағыты аясында өтті. Аталған іс-шара ТДМ-ның 3 тармағы «Барлық жастағы барлық адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатқа жәрдемдесу» аясында өткізілді.

Көптеген адамдар, тіс емханасына уақтылы баруды елемейді және гигиеналық нормаларды сақтаудың маңыздылығын толық түсінбейді, бұл өз кезегінде тіс жегісінің, одан әрі дамуын болдыртпауға көмектеседі. Сондықтан, біз пациенттерімізге тістерді ультрадыбыстық тазарту арқылы тіс шөгінділерін, тастарын және жұмсақ қақтарды қауіпсіз алып тастау сияқты кәсіби қызметтерді алу мүмкіндігін бердік. Кәсіби тіс гигиенасынан кейін тіс дәрігері тіс эмалының жағдайын және оның патологиялық өзгерістерін дұрыс бағалай алады, яғни емдеуді дер кезінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Марат Оспанов атындағы БҚМУ стоматологиялық емханасында науқастарға ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтау, макеттер арқылы қосымша тіс күтімі құралдары туралы санитарлы ағарту жұмысын жүргіздік. Пациенттерге жеке консультациялар бердік, сонымен қатар біз әрқайсысына гигиеналық құралдарды таңдап, пайдалы сыйлықтар ұсындық.