ТДМ аясында маңызды шара

«Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының 4 бағытының «Жалпыға бірдей әрі әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы оқу мүмкіншіліктерін қолдау» нақты айтқанда 4.4-тармағын ««2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты еңбек және кәсіпкерлік үшін сұранысқа ие, соның ішінде кәсіптік дағдылары бар жастар мен ересектердің санын айтарлықтай арттыру» орындау шеңберінде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде 2024 жылдың мамыр айының соңында «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің 4 курс студенттері Ақтөбе облысы бойынша экология департаментімен тығыз ынтымақтастықта және қолдауымен “Қазхром” ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында болды.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді өнеркәсіптік кәсіпорынның құрылымымен және қызметімен таныстыру және гигиеналық пәндер бойынша теориялық білімдерін бекіту.

Экскурсияны АФЗ кәсіподағының төрағасы А.А. Соткаров жүргізді. Студенттерге АФЗ тарихын, кәсіпорынның даму және қызмет кезеңдерін, өндірістің негізгі цехтарын баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Компанияның артықшылықтары, әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктер, жас мамандарды қолдау, жастарды дамыту және қолдау туралы егжей-тегжейлі, сонымен қатар, АФЗ басшылығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударатындығы айтылды.

Экскурсия барысында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауаптар берілді. Шара соңында студенттер мен оқытушылар іс-шараға алғыстарын білдірді.