Шахмат

Медицина қызметкерлері күніне арналған жазғы спартакиада жалғасуда.

Аққағаз Досжанова атындағы конференц холлдың мәжіліс залында профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында шахмат жарысы өтті. Жарыс командалық біріншілікте ұйымдастырылды. Ойынға 4 команда,16 қатысушы, 2 ер және 2 әйел қатысты.

І кезеңде стоматология, медицина құрама командалары кездесіп, стоматология командасы 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын өте тартысты өтті. Стоматология құрама командасының ойыншысы Т.Бегалин, медицина құрама командасының ойыншысы С.Иманбаевты жеңді. Ойын барысында Отбасылық медицина клиникасы құрама командасының ойыншысы Ж.Атжанова, резидентура және интернатура құрама командасының ойыншысы Г.Назарбекова 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын айналмалы әдіс бойынша өтті. Барлық командалар бір-бірімен кездесіп, соның ішінде резидентура және интернатура құрама командасы өз шеберлігін көрсетіп, жеңіске жетті.

Тартысты ойында ерекше көзге түскен Д.Дільмағамбетов «Шебер ойыншы» атанды. Командалық есепте резидентура және интернатура құрама командасы I орынға ие болды.

Жарыс қорытындысында І орынды резидентура және интернатура құрама командасы, ІІ орынды стоматология құрама командасы иеленіп, ІІІ орын Отбасылық медицина клиникасының құрама командасына бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтар және медальдармен марапатталды.