«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасы жетекшісінің бос лауазымына орналасуға хабарландыру

Бос орынның атауы: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ Отбасылық медицина кафедрасының жетекшісі.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жоғары медициналық білімі (кафедра бейіні бойынша) бар – базалық медициналық білімі, отбасылық медицина бойынша резидентура/клиникалық ординатурасы, ғылыми не академиялық дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар, маман сертификаты, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады. Ағылшын тілін білуі құпталады.

Функционалдық міндеттері:

  1. Кафедра қызметін ұйымдастыруды, жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады.
  2. Кафедраның штаттық кестесін қалыптастырады және басшылыққа бекітуге ұсынады.
  3. Оқытушылар, медицина қызметкерлері және білім алушылар үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  4. Қызметкерлерді ынталандыру және кафедраның материалдық-техникалық базасын дамыту бойынша қорды қалыптастыру үшін ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
  5. Отбасылық медицинаны, дәлелді практиканы қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру жобаларын әзірлеуге, іске асыруға және сүйемелдеуге қатысады.
  6. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу, клиникалық сынақтар нәтижелерінің тиімділігін бағалау бойынша білім беру және консультациялық қызметтер көрсетуді ұйымдастырады.
  7. Науқастардың негізгі санаттарын жүргізу бойынша республикалық және жергілікті клиникалық нұсқаулар мен ұсынымдарды, стандарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
  8. Оқулықтарды, оқу құралдарын, әдістемелік ұсынымдарды жасауға жәрдемдеседі.
  9. Практикалық денсаулық сақтауға енгізу үшін отбасылық дәрігерлердің жұмысын оңтайландыру бойынша ұсынымдар әзірлейді.
  10. ПОҚ, дәрігерлер мен мейірбикелер үшін дәлелді практика мәселелері бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар, мастер-кластар өткізуді ұйымдастырады.
  11. және тағы басқа…

Конкурсқа қатысу үшін құжаттардың тізбесі:

  • кандидаттың мемлекеттік/орыс тіліндегі, қажет болған жағдайда ағылшын тілінде фотосуреті бар түйіндеме,
  • өмірбаяны;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • жоғары білім, академиялық немесе ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);;
  • қайта даярлау туралы куәліктің және бар болған жағдайда біліктілігін арттыру туралы куәліктің көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары);
  • маман сертификатының/клиникалық қызметке рұқсаттың көшірмесі (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда кафедра бейіні бойынша дәрігерлік санат сертификатының көшірмесі (клиникалық кафедралар үшін);
  • бар болған жағдайда ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (Университет қызметкерлері үшін ғылыми еңбектер тізімін ғалым хатшы растайды);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитеті беретін есепке алу және арнайы есепке алу бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  • конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, тілдерді білуіне, ғылыми жарияланымдарының тізіміне, сертификаттарына, дипломдарына және т.б. қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
  • университеттің штаттық қызметкерлеріне арналған құрылымдық бөлімше басшысының мінездемесі;
  • университеттің штаттық қызметкерлері болып табылмайтын кандидаттар үшін соңғы жұмыс орнынан қызметкердің мінездемесі;
  • келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға үшін: кафедра жетекшісі, факультет деканы және ғылыми бөлімше жетекшісі үшін болашақ бөлімшенің дамуы туралы эссе.

 

Жарияланған күні: 29 қыркүйек 2021 жыл.

Құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсыну қажет.

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан Республикасы, 030019, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68., бас ғимарат, 105 кабинет. Тел.: +7(7132) 54-69-25. e-mail: @zkmu.edu.kz