CESS конференциясы

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих мамандығы бойынша 2-курс докторанты Самат Кумыспаев Алматы қаласында өткен Орталық Еуразиялық зерттеулер қауымдастығының (Central Eurasian Studies Society/CESS) Халықаралық конференциясына қатысты. Конференция мақсаты — Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық-саяси және мәдени процесстерді саралау.

2000 жылдан бастап CESS конференциялары Солтүстік Америка және Орталық Азия университеттерінде аймақтық форматта өткізіліп келеді. Бұл Орталық Еуразияның өткені мен бүгінгі мәселелерімен айналысатын бүкіл әлем ғалымдары мамандары үшін қарым-қатынас пен пікір алмасу алаңына айналды.

Конференцияда әлемнің түкпір-түкпірінен (АҚШ, Канада, Орталық Азия және Еуропа елдері, Қытай, Үндістан және т.б.) келген 450-ден астам ғалым баяндама жасады. Негізгі спикер Кеңестік Қазақстан тарихының белгілі маманы, Мэриленд университетінің профессоры Сара Камерон болды.

Әріптесіміз Самат Кумыспаев аталған конференцияда «Қазақстандағы отарсыздану процесстері жағдайындағы Cаяси құғын-сүргін құрбандарын еске алуы туралы ой-толғау» тақырыбында баяндама жасады.