Қазақстан кардиологтарының конгресі
Алматы қаласында С.Асфендияровтың 135 жылдығына арналған Қазақстан кардиологтарының XVI Конгресі өтті. Оған №2 ішкі аурулар кафедрасының делегациясы мен Медицина орталығы кардиология бөлімінің дәрігерлері қатысты. Делегацияны кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Гүлнар Кұрманалина және профессор Бекболат Жолдин басқарды.
Конгрестің ғылыми бағдарламасы аясында 100 сессия, оның ішінде тәжірибелік шеберлік сабақтары мен жас ғалымдардың конкурстары өтті. 1000-нан астам делагат қатысқан Конгресті Қазақстан кардиологтары қауымдастығының президенті, профессор Сәлім Беркінбаев және т.б. көрнекті ғалымдар ашты.
Профессор Бекболат Жолдин «Еуропалық конгресс «Жүрек жеткіліксіздігі 2024»: негізгі жаңалықтар» атты баяндама жасады. Конгресте Медицина орталығы кардиология бөлімінің меңгерушісі Г.Арыспаева Қазақстанның жетекші кардиологтары атынан берілетін «Ақ жүрек» сыйлығымен, сонымен қатар жас ғалымдар конкурсында 2-оқу жылының резидент-кардиологы С.Көпжанов II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Конгрес сәтті өтіп, қатысушылар жаңа білім мен мотивация алды. Кезекті Конгрес Белградта Еуропалық конгресі және Алматыда 2025 жылы Қазақстан кардиологтарының XVII Конгресі өтеді.