Кешенді ашық сабақ

Ғылыми-медициналық кітапханасының коворкинг орталығында психиатрия, фармакология және клиникалық фармакология кафедраларының психиатрия және клиникалық фармакология резиденттеріне «Психиатрияда нейролептиктерді қолдану, іс-әрекет механизмдері, жанама әсерлер, дәрі-дәрмектердің өзара әрекеттесуі» тақырыбында кешенді ашық сабақ өтті.

Ашық сабақты психиатрия кафедрасының медицина ғылымдарының магистрі А.Рамазанова және PhD докторы, фармакология, клиникалық фармакология кафедрасының доценті А.Мусина жүргізді.

Сабақ сапа критерийлеріне сәйкес, интерактивтілік элементтерімен өтті. Жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастың клиникалық жағдайын зерттеу жүргізілді. Резиденттер дәрі-дәрмектердің өзара әрекеттесуі туралы ақпараттық сайттарға қызығушылық танытып, пікірлерін білдірді.

Комиссия мүшелері ашық сабақты оң бағалап, пікірлерін ортаға салды. Резиденттерді талқылау процесіне көбірек тарту туралы ұсыныстар берілді.