«Үздік резидент-2024»

№2 акушерия және гинекология кафедрасында «2024 жылдың үздік резиденті» атты сайыс өтті. Шара осымен үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, өткізіліп келеді.

Резиденттердің теориялық білімдері, тәжірибелік дағдылары мен клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіруді мақсат еткен шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, облыстық перинатальдық орталығының тәлімгерлері және 3-курс резиденттері қатысты.

Сайыс қорытындысында қатысушылар номинациялармен марапатталды. Атап айтсақ, Бейімбет Шамахов «Белсенді резидент», Диана Достанова «Білімді резидент», Эльмира Нұрғалиева «Үздік резидент» атанды.

Жеңімпаздарды құттықтап, толағай табыстар тілейміз!