Ғылыми тағылымдамадан өтті

«Батыс Қазақстан білім алушы жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасының зерттеушілері Алматы қаласындағы Caspian University базасында ғылыми тағылымдамадан өтті. А.Миралеева, М.Книсарина және Ә.Шалманова қатысқан ғылыми шараның тақырыбы: «Заманауи университетте оқитын жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің инновациялық мүмкіндіктері».

Шара мақсаты — жүргізіліп жатқан зерттеулерден алынған ғылыми нәтижелерді танымал етіп, заманауи университетте студенттердің кәсіби дамуы жағдайында олардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Шара 1 апта бойы күндізгі форматта өтіп, Caspian University оқытушылары және студенттерімен семинар-тренинг пен шеберлік сабағы өтті.