Ел физиологтарының ІХ съезі

Астана медицина университеті мен қалыпты физиология кафедрасының 60 жылдығына арналған халықаралық қатысуымен Қазақстан физиологтарының ІХ съезі өтті. Шараға қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі Айман Қалдыбаева қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, аталмыш кафедраның барлық оқытушыларына онлайн форматта сертификаттар берілді.

Астана медицина университетінің қабырғасында өткен съез аясында университет ректорының міндетін атқарушы Надияр Мусин мен қалыпты физиология кафедрасының жетекшісі Айман Қалдыбаева Астана медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыровтың атынан Қазақстан физиологтарының IX съезіне қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!