Мерекелерімен құттықтады

Ректор міндетін атқарушы Надияр Мусин университеттің баспасөз қызметі, редакциялық баспа орталығы мен газет-журналдар редакцияларын салтанатты түрде кәсіби төл мерекелерімен құттықтады. 

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халықтың көзі, құлағы һәм тілі іспетті. Университетіміздің ақпараттық саясат және насихат жұмыстарын жүргізіп, жұртшылыққа жеткізетін Сіздерге алғысымды білдіремін! Осынау төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! — деді Надияр Мусин.

Мерекелік сәтте Надияр Маратұлы оқу орнының басшылығы мен бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан баспасөз қызметі, Редакциялық баспа орталығының ұжымы, «Medik» газеті, «West Kazakhstan medical journal» және «Gylym aliansy» журналдарының редакцияларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Әріптестерімізді шын жүректен кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыстар тілейміз! Қаламдарыңыз ұштала берсін!