Ашық есік күні

Елімізде саркомалардың сүйек және жұмсақ тін ісіктерінің алдын алуға арналған айлық өтуде. Осыған орай, бүгін Медицина орталығында саркоманың алдын алуға арналған Ашық есік күні өтті.

Саркома — тіннің әртүрлі түрлерінен (жүйке, бұлшықет, сүйек, май және т.б.) пайда болатын қатерлі ісіктер. Көбіне олар тез өсіп, жиі қайталанып және алыс метастазбен сипатталады. Саркомалар дененің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін. Оның екі негізгі түрі бар: жұмсақ тіндердің саркомасы және сүйек саркомасы. Алғашқы белгілері — көбінесе ауырсынусыз ісініп, көлемі жылдам ұлғаяды.

Ашық есік күніне келген тұрғындарды онколог дәрігер қабылдап, кеңес берді.

-Ағымдағы жылдың 6 айында онкологиялық дертпен 912 адам тіркеуге алынды. Оның 23 пайызы —1 сатыдағы, 11 пайызы — 4 сатыдағы науқастар, — дейді Медицина орталығы онкологиялық қызметінің үйлестірушісі Олжас Оразаев.