«WEST KAZAKHSTAN MEDICAL JOURNAL» журналының Алғашқы семинары

«West Kazakhstan Medical Journal» журналы оқыту семинарларының жоспарына сәйкес, «Ғылыми мақала жазу/жүйелі шолу және мета-талдау» тақырыбында алғашқы семинар өтті. Семинар лекторы терапевтік және ортопедиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі М.Құрманалина болды.

Бес күндік семинар қажетті әдебиеттерді іздеуден бастап, жүйелі талдау мен деректерді өңдеудің күрделі құралдарын игеруге дейінгі зерттеу жұмысының маңызды аспектілерін қамтыды. Қатысушылар Scopus, PubMed, Web of Science дерекқорларында әдебиеттерді іздеу бойынша білімдерін тереңдетіп, SRDR+, RevMan және Zotero әдеби деректер менеджері бағдарламаларын пайдалану әдістемесін жетілдірді.

Семинарға докторанттар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты және жақында сертификаттар алады.