Жоғары білім беру жүйесіндегі бейресми білім берудің рөлі
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын педагогикалық құзыреттіліктер бойынша біліктілігін арттырады. Біліктілікті арттыру университеттің басқару, оқу, әдістемелік, ғылыми, инновациялық, шығармашылық және тәрбие қызметтерін жетілдіруге ықпал ететін кәсіби және педагогикалық міндеттерді шешудің заманауи әдістерін игеру үшін қажетті ресми және бейресми оқыту болып табылады.
Педагогикалық құзыреттіліктер бойынша біліктілікті арттыру төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:
— Педагогикалық шеберлікті арттыру.
— Оқу процесіне жаңа технологияларды енгізу және зерделеу.
— Ғылыми-зерттеу, әдістемелік, инновациялық және шығармашылық қызметтерді жандандыру.
— Ғылыми менеджмент және білім беру қызметінің сапа менеджменті саласындағы құзыреттіліктерді арттыру.
Педагогикалық құзыреттіліктер бойынша біліктілікті арттыру тиісті біліктілік талаптары бар басқа кафедралардың, сондай-ақ Ақтөбе, Қазақстанның басқа да университеттерінің оқытушыларын тарта отырып, оқу орны қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Университетте педагогикалық құзыреттіліктер бойынша келесі біліктілікті арттыру курстары оқу жылы бойына тұрақты түрде өткізіледі:
— Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау әдістері.
— Тиімді оқытушы.
— Коммуникативті дағдылар.
— Кредиттік оқыту технологиясындағы бағалау.
— Ғылыми жарияланымдарды сыни бағалау.
— Тиісті клиникалық тәжірибе (GCP).
— Білім бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және жаңарту.
— Тәлімгерлік жас мамандардың кәсібилігін арттыру тетігі ретінде.
— Оқытушының цифрлық құзыреттілігі.
— Ағылшын тілінде пәнді оқыту әдістемесі.
— Ғылыми зерттеулер әдістемесі.
—Тест тапсырмаларын әзірлеу.
Курстардың мақсаты — оқытушылардың өмір бойы, үздіксіз өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіру мақсатындағы қызметтерді үйлестіру.