Жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазір университеттің барлық жатақханалары жаңа оқу жылына қызу дайындық үстінде. Соның ішінде В.Пацаев көшесіндегі №1 жатақхана ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, аяқталуға жақын.

Эксплуатациялық жұмыстар жөніндегі департаментінің жетекшісі Қайрат Әубекеровтің айтуынша, 5 қабатты, 548 орынға арналған бұл жатақханада едендері мен есіктері ауыстырылып, сантехникалық және электрлік құрал-жабдықтары жаңартылуда. Жаңадан газ плиталар орнатылып, жиһаздары мен терезелері жөнделуде. Сонымен қатар ғимараттың шатыры да жөндеуден өтіп, дезинфекция және дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

Жуырда қосымша жаңа жиһаздар орнатылады. 1 қыркүйекте жатақхана студенттерді жаңаша кейіпке енген ғимаратта қабылдайтын болады.