Академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде «Beyond the science» II жазғы ғылыми мектебінің ашылуы өтті. Оған университетіміздің жалпы медицина білім беру бағдарламасы бойынша Ә.Қонаев, Ә.Ахметжанов, Н.Тілектес, Т.Жаңабаев, Д.Исламғалиева, А.Бисембаева, А.Ермекова, Р.Әмірханова, Д.Мұстафаева, С.Айназаров сынды ғылыми қоғамының студенттері және халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильдік бөлімінің маманы Д.Молдағалиева қатысты.

Халықаралық студенттік мектептің ашылу рәсімінде Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің ректоры Валентин Павлов құттықтап, сәттілік тіледі. Бұдан соң «Университеттердің ғылыми жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, Фундаменталды медицина институтының жастар ғылыми зертханасында және Башқұрт мемлекеттік медицина университеті зертханаларының әлемдік деңгейдегі студенттік кампусында Еуразиялық ҒОО-да зерттеулер жүргізілді. Олар аддитивті технологиялар мен шағын мақсатты молекулаларды іздеу зертханалары.

Сондай-ақ, жазғы мектеп аясында урология және клиникалық онкология институтының молекулалық генетика, иммунология, биобанк зертханалары мен роботтық хирургия орталығында экскурсия жүргізіліп, аккредиттеу-модельдеу орталығында «Манекендердегі негізгі хирургиялық дағдылар» атты шеберлік сабағы өтті.