«Визитинг профессор»

9-13 қыркүйек аралығында қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасында «Визитинг профессор» бағдарламасы аясында Карол Марцинковский атындағы Познань медицина ғылымдары университетінің профессорлары PhD Tobis Slawomir Aleksander және MD, PhD Katarzyna Wieczorowska-Tobis (Познань қ., Польша) дәрістер оқуда.

Профессор Tobis Slawomir Aleksander — Познань медициналық ғылымдар университеті гериатриялық медицина және геронтология кафедрасының ғылыми зерттеушісі және оқытушысы. Профессор Katarzyna Wieczorowska-Tobis — ғылыми зерттеуші, гериатр дәрігері, Карол Марцинковский атындағы Познань медициналық ғылымдар университеті паллиативті медицина орталығының жетекшісі.

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасы 2018 жылдан бері Познань медициналық ғылымдар университетінің прфессорларымен екіжақты стратегиялық әріптестік байланыста. Ынтымақтастық аясында өткізілген жалпы ғылыми-техникалық жобалар шеңберінде Scopus деректер базасында ортақ мақалалар шығарылды.

Профессорлар Tobis Slawomir Aleksander және Katarzyna Wieczorowska-Tobis дәрістері «Геронтология мен гериатриялық көмектің заманауи мәселелері» тақырыбында өтуде. Профессорлардың дәрістеріне «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Стоматология», «IT медицина» білім беру бағдарламаларының жоғарғы курс студенттері, «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі» білім беру бағдарламаларының магистранттары, докторанттары мен кафедра оқытушылары белсенді қатысуда. Профессор Katarzyna Wieczorowska-Tobis докторант К.Киматованың шетелдік ғылыми кеңесшісі және ол докторанттың докторлық диссертациясын қорғауға дайындығы туралы кеңес өткізуде.

Сонымен қатар, профессорлар Tobis Slawomir Aleksander және Katarzyna Wieczorowska-Tobis Ақтөбе облысы медициналық ұйымдарының медбикелеріне шеберлік сабағын өткізіп, сертификаттар табыстау жоспарланып отыр.