Жаңа интерактивті бейнежазба студиясы ашылды

Университет базасында «Edsmart Premium LED Doska» жаңа интерактивті бейнежазба студиясының тұсаукесері өтті.

Бұл заманауи бағдарламалық-аппараттық кешен сапалы бейнеконтент жасап, онлайн дәрістер мен веб-конференцияларды өткізуге арналған. Студия бейне сабақтарды, подкасттар мен презентацияларды жазып және материалды кәсіби деңгейге дейін өңдеуді жеңілдетеді.

Әрине, жаңа бейнестудия заманауи технологиялар арқылы студенттер мен оқытушылардың өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ететін және білім беру бағдарламаларының процесстерін цифрландырудың маңызды қадамы болмақ.