Хабарландыру

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) бюджет қаражатының шығыстарын өтеу немесе жұмыспен өтеу жөніндегі өз міндеттерінің сақталуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылатын «Қаржы орталығы» АҚ ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлегінің «Қаржы орталығы» АҚ-на келісім беру («511» хабарламасы) не келісім беруден бас тарту («512» хабарламасы) туралы ұсыныспен «1414» байланыс орталығынан келіп түскен SMS-хабарламасына 15 минут ішінде жауап беру мүмкіндігі берілетінін, көрсетілген уақыт өткеннен кейін хабарлама жарамсыз болып саналатынын хабарлайды.

ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлегі Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін «511» (келісім) хабарламасын «1414» байланыс орталығына жібергеннен кейін «Қаржы орталығы» АҚ мекенжайына шектеулі деректер – Жұмыс берушінің БСН немесе ЖСН, ұйымның атауы, Жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері ұсынылатын болады.

 Бұл ретте, «Қаржы орталығы» АҚ үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінде құпия сипаттағы басқа да дербес деректер көрсетілмейді.

ЖЖОКБҰ және ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура түлегі «512» (бас тарту) хабарламасын «1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауға және өңдеуге жіберген кезде «Қаржы орталығы» АҚ үш жылдық немесе екі жылдық еңбекпен өтеу мерзімі өткенге дейін пысықтау жөніндегі міндеттеменің орындалуы туралы растайтын құжаттарды дербес жолдауы қажет.