Марат Оспанов: ұстаз, саясаткер, ғалым

Белгілі қоғам қайраткері Марат Оспановтың туған күніне орай Астана медицина университетінде арнайы шара өтті. Ұйымдастырушы — университетіміздің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы. Оған елордалық университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Танымдық шара «Кодекс сердце Марата Оспанова» атты деректі фильммен басталды. Сөз алған әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының жетекшісі Б.Омарова М.Оспановтың ғылыми еңбектеріне талдау жасап, өз ойымен бөлісті. Микробиология кафедрасының профессоры Б.Урекешов, аға оқытушы К.Шакирт М.Оспанов көрнекті тұлға екендігін, әсіресе, қиын кездері халық мүддесін жоғары қойып, журналисттерге ашық сұхбат берген демократияшыл азамат болғанын ерекше атап өтті.

Кеш модераторы, Астана медицина университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барған Б.Молдин Оспановтай ел үшін еңбек еткен ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайтынын тілге тиек етіп, биыл 18 қазанда оқу орнымыздың қабырғасында ғалымға арналған халықаралық ғылыми конференция және студенттердің республикалық эссе байқауы өтетінін айтты.

Бірлесе ұйымдастырылған шара тартымды өтті.