Білім алушыларға арналған «Тілектер магниті» тренингі
Жаңа оқу жылынан бастап психология кафедрасында 10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған және «Батыс Қазақстанда білім алушы жастардың әл-ауқатының қарқынды өсуінің әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерін бағалау» ғылыми жобасының негізгі идеяларын іске асыратын «Студенттердің психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Психология кафедрасының доценті Малика Книсаринаның жетекшілігімен «Психогения» студенттік ғылыми үйірмесінің белсенділері Нұрай Оралбекова мен Айша Алитурлиева медицина және педиатрия мамандықтарының 1-курс білім алушыларымен «Тілектер магниті» тренингтерін өткізді.
Тренингке қатысушылар өз мақсаттары мен тілектерін визуализациялай отырып, тілек карталарын жасады. Басымдық беруді үйрете отырып, жаттықтырушылар әл-ауқат сезімі мақсаттар мен армандар ішкі құндылықтармен үйлескенде өмірдегі тепе-теңдікті қамтамасыз еткенде пайда болатынына назар аударды.