Аэс — болашақ кепілі

Университет белсенділерінің қатысуымен «АЭС — болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Шара барысында радиология кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ерболат Ізтілеуов «Қазақстандағы АЭС: радиациялық қауіпсіздік және халық денсаулығы», «Қазақстан студенттері Альянсының» Ақтөбе облысы бойынша төрағасы Темірлан Алдажаров «Бейбіт атом үшін» және жалпы медицина факультетінің 2-курс студенті, «Жалын» пікірсайыс клубының мүшесі Сұлтанбек Қабдиманап «Қазақстандағы АЭС» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, білім алушылардың атом электр станциясының құрылысына қатысты қойған сауалдарына тұшымды жауап берді.

Елімізде АЭС салу, әрине, энергетикалық мәселелерді шешуге зор ықпалын тигізбек. Сондай-ақ, аталған жобаны жүйелі жүзеге асыру мақсатында таза энергия көздеріне көшуге тиімді шешім болары сөзсіз. Көпшілік пікірі, міне, осыған саяды.

Сонымен қатар жиналған қауым АЭС-ке қатысты пікір алысып, ой бөлісті және осыған орай Референдум өткізудің маңыздылығына да жан жақты тоқталды.