Студенттер мен кураторларға арналған тренингтер
10 қазан — Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күніне орай және «Батыс Қазақстандағы студент жастардың әл-ауқатын интенсивті дамытуға әлеуметтік-психологиялық мүмкіндіктерді бағалау» ғылыми жобасын жүзеге асыру мақсатында 23-28 қыркүйек аралығында психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы студенттерге бірнеше тренинг өткізді.
Г.Неталина «Қарым-қатынас жасай білу — үлкен өнер», Г.Бекешова «Психикалық денсаулық және өмірге деген позитивті көзқарас», Г.Куркбасова «Психикалық саулықты сақтаудың практикалық дағдылары», А.Дуйсенова «1-курс студенттерінің сәтті бейімделуін қамтамасыз ету» және оқытушылар мен кураторларға арналған А.Миралеева «Менің өмірлік құндылықтарым», М.Книсарина «Университеттік ортада well-being-ті алға жылжыту: құралдар мен практикалар» шеберлік сабақтарын өткізді.
Психологиялық тренингтер 1-курс студенттерінің адаптация мәселесін шешудің ең тиімді технологиясы ретінде өткізіледі. Олар жеке тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық потенциалды дамытуға және әл-ауқатты нығайтуға көмектеседі.
Тренинг «Студенттердің психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» шаралары аясында тәрбиелік жұмыстың әлеуметтік-психологиялық дамуы бойынша ұйымдастырылды.