Білім беру бағдарламасының паспорты – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Білім беру бағдарламасының паспорты

Қолдану саласы

пациенттердің жағдайын мониторингілеу, диагностика және аурулардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау, шалғай жерлерде тұратын адамдарға медициналық көмек алу мүмкіндігін қолдау, пациенттерді “онлайн” режимінде емдеу туралы хабардар ету, пациенттер туралы барлық қажетті ақпарат жиналатын мәліметтер қорын басқару жүйесі, пациенттер үшін рецептер, тағайындаулар, ауруханалық парақтар және басқа да құжаттар дайындауды автоматтандыру

ББ коды мен атауы

6B06106-IT медицина

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі

1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы №319-ІІІ “Білім туралы” Заңы (23.02.2024ж. №64-VIIІ өзгерістерімен және толықтыруларымен).

2. «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011.04.20 №152 бұйрығы (5.04.2023 ж. №145 өзгертулер мен толықтырулармен).

3. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі №2 бұйрығы (20.02.2023 ж. №66 өзгерістермен және толықтырулармен).

4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы). (16.05.2023 ж. №218 өзгерістермен және толықтырулармен).

5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы (12.10.2023 ж. №526 өзгерістермен және толықтырулармен).

6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы) (13.07.2023 ж. № өзгерістермен және толықтырулармен).

7. Оқу процесіне ECTS қағидаттарын енгізу және академиялық еркіндікті кеңейту жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 57 бұйрығы.

8. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі және жоғары білім беру оқу пәндерін кодтау жүйесі». ҚР МЖМБС 5.05.001–2005.

9. “Педагогикалық ғылымдар” білім беру саласының білім алушылары үшін педагогикалық практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (ҚР ҒжЖБМ 2023 жылғы 27 наурыздағы №125 бұйрығы.

10. Кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу туралы ереже және практика базасы ретінде ұйымдарды анықтау (30.11.2022 ж. № 5 хаттама).

11. Модульдік білім беру бағдарламасын құру туралы ереже (№53 хаттама, 11.11.2022 жыл)

12. Көптілді білім беруді енгізу туралы ереже (30.11.2022 жылғы № 5 хаттама).

13. Қ. Жұбанов атындағы АӨУ білім алушыларының, оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық адалдық кодексі (Ғылыми кеңестің шешімі, 12.08.2020 ж. №13 хаттама).

14. «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу» кәсіби стандарты // Актуализирован №222 от 05.12.2022г

15. «Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдауды қамтамасыз ету» кәсіби стандарты // Актуализирован №222 от 05.12.2022г

16. «Деректер базасын басқару» кәсіби стандарты // Актуализирован №222 от 05.12.2022г

17. «Жүйелік және желілік басқару» кәсіби стандарты // Актуализирован №222 от 05.12.2022г

Білім беру бағдараламасы аясында дайындау бейінінің картасы

ББ мақсаты

денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету саласында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша дағдылары бар мамандарды даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы

Берілетін дәреже

6B06106 – IT медицина білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Маманның лауазымдарының тізімі

– білімнің үш саласындағы құзыреттілікті біріктіретін маман: ақпараттық технологиялар, медицина, статистика және мәліметтерді талдау. IT-медиктер үлкен мәліметтермен жұмыс істейді, медициналық ақпаратты талдайды және жүйелейді. Олар емдеу және диагностикалық жабдықтар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жасайды. Дұрыс диагноз қою миллиондаған пациенттерді диагностикалау және емдеу барысында жинақталған деректердің үлкен көлемін талдауға негізделеді. Медицинадағы ақпараттық технологиялар жөніндегі маман осы деректерді талдап қана қоймай, жасанды интеллектке нақты диагноз қойылуын ғана емес, пациенттің дұрыс ем алуын қамтамасыз ететін алгоритмдер мен бағдарламаларды жасай білуі тиіс.

Кәсіби қызмет саласы

– ғылыми зертханалар, ірі медициналық компаниялардың зерттеу орталықтары; ауруханаларды, емханаларды және олардың мәліметтер қорларын компьютерлік қамтамасыз етуді техникалық қолдау, нозологиялық және басқа да белгілерге сәйкес пациенттер туралы келіп түскен барлық ақпаратты жүйелеу және талдау, медициналық әкімшілік жүйесі, ауруханалық медициналық ақпараттық жүйелер, іздестіру жүйелері, диагностикалық зерттеулерді есепке алу жүйелері, телемедицина жүйелері және т.б.

Кәсіби қызмет функциялары мен түрлері

– «6B06106-IT медицина» бағыты бойынша бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін атқара алады:
а) жобалаушы-конструкторлық қызмет;
б) өндірістік-технологиялық қызмет;
в) эксперименттік-зерттемелік қызмет;
г) ұйымдастырушы-басқарушылық қызмет;
д) эксплуатациялық қызмет;
Кәсіби қызметінің типтік міндеттері:
– ақпаратты-бағдарламалық кешендер компоненттерінің сәулетінжәне оған сәйкес адам-машиналықинтерфейстерін жобалау;
– ақпаратты өңдеудің және басқарудың компьютерлік жүйесін жүзеге асыру үшін бағдарламалау құралдарын, есептеу техникасы құралдарынқолдану;
– кәсіби қызмет объктілерінің бағдарламалық қамтамасыз етілуі, ақпараттық және математикалық элементтерін жобалау;
– кәсіби қызмет объктілерінің жұмыс істеуімен байланыстағы ақпараттық және есептеу үрдістерінің бағдарламалық және математикалық модельдерін зерттеу және құру;
– есептеу техникасы жабдықтары мен жүйелерінің, процестердің, құбылыстардың математикалық моделдьдерін жүзеге асыру және таңдау;
– кәсіби қызмет объктілерін зерттеу және өңдеу процесін ұйымдастыруда инструментальды бағдарламалық жабдықтарды және есептеу техникасы жабдықтары технологиясын таңдау;
– ақпараттық басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, есептеу техникасын, жүйелік, инструментальды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және орнату;
– ақпараттық басқарудың және өңдеудің компьютерлік жүйесін, бағдарламалық өнімдерін сүйемелдеу.