Құрметті әріптестер!
Сіздерді 1 қазан — еліміздің Жоғары білім қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жоғары білім беру саласы — ғылым мен білімнің дамуына ерекше ықпал ететін қозғаушы күш. Кәсіби мереке ғылымды дамытуда маңыздылығын арттырып, мамандардың беделін көтеруге ықпал етері сөзсіз.
Бүгінгі мереке күні баршаңызға бар жақсылық пен еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен,
Надияр Мусин,
ректор міндетін атқарушы.