Мақсат — халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Гонконг университетінің профессоры, мейірбике ісі мектебінің деканы Кармен Чан мен онкологиялық оңалту бөлімшесінің ассистенті, профессор Маркез Чектің университетімізге сапары жалғасуда.
Бүгін мәртебелі меймандар Медицина орталығының онкологиялық оңалту бөлімшесімен танысты. Алдағы күндері мейірбике ісі факультетіне барып, магистратура және PhD студенттеріне дәрістер оқиды. Сонымен қатар, ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастық болашағы талқыланбақ.
Бұл сапар университетіміздің профессорлары Галина Векленко мен Людмила Ермұханованың Гонконг университетіне жасаған сапарлары нәтижесі ретінде ұйымдастырылды. Онда өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында университеттерді интернационализациялаудың маңыздылығын атап өткен болатын.
Университетіміз осы стратегияны қолдап, халықаралық ынтымақтастық пен тағылымдамалық бағдарламаларды белсенді түрде дамытып, жүзеге асыруда.